ТЖМ құтқарушылары тұрғын үйдегі электр қалқанының жануын жойды

ТЖМ құтқарушылары тұрғын үйдегі электр қалқанының жануын жойды

Өскемен қаласында, Назарбаев даңғылында, подъездің 3-қабатында электр қалқаны жанған.

🧑‍🚒Оқиға орнына келген өрт сөндіру есептері баспалдақ алаңындағы түтін басқан аймақтан құтқару қалпақтары көмегімен 2 адамды құтқарып, 6 адамды, оның ішінде 1 баланы эвакуациялады.

✅Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.