Спорт рухты шыңдайды

Спорт рухты шыңдайды

Спорт күніне және Азаматтық қорғау қызметінің 30 жылдығына және Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ШҚО ТЖД құтқарушылары арқан тарту, гір тасын көтеру және армрестлингтен жарыстар ұйымдастырды.

Гір көтеруде спортшылар жоғары дайындық пен төзімділікті көрсетті. Арқан тарту жарысында үйлесімді әрекет, күш, төзімділік, координация мен техника басты рөл атқарды.

Армрестлингте спортшылар қол күштерін сынап қана қоймай, тактикалық әдістер мен ерекше техникаларды қолдана отырып, жеңіс тек бұлшық еттің ғана емес, ақыл мен шеберліктің де нәтижесі екенін дәлелдеді.

Жарыс жеңімпаздары:

Арқан тарту бойынша:

1 орын – Өскемен қаласы 5-ӨСБ құтқарушылары
2 орын – Өскемен қаласы 3-ӨСБ қызметкерлері
3 орын – Өскемен қаласы 6-ӨСБ бөлімшесі

Армрестлинг жарысында:

1 орын – Мерей Мамиев, Өскемен қаласы 6-ӨСБ жүргізушісі
2 орын – Мерей Шәкенов, Өскемен қаласы 5-ӨСБ жүргізушісі
3 орын – Біржан Мырзахметов, Өскемен қаласы Мамандандырылған жасақтың нұсқаушы-құтқарушысы

Гір көтеру турнирі:

1 орын – Талғат Хакимов, Өскемен қаласы 5-ӨСБ бастығының орынбасары
2 орын – Сұлтан Серікханұлы, Өскемен қаласы 3-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы
3 орын – Сәлім Айдын, Өскемен қаласы Мамандандырылған жасақтың жүргізушісі

Спорттық шараның басты мақсаты – құтқарушы мамандығын насихаттау, салауатты өмір салтын дәріптеу, ұлттық спорт түрлеріне қызығушылықты арттыру.