Оқиға кеше ШҚО Риддер қаласында орын алды. Онда 2014 жылы туған екі қыз үйде жалғыз қалып, ойын барысында бірінің аяғы автоматты кір жуғыш машинаның барабанында қысылып қалды.
Оның он бір жасар досы абдырап қалмай, төтенше жағдай нөмірін білуі қиын уақытта көмектесті. Ол бірден қоңырау шалып, құтқарушыларды шақыртты.
Құтқарушы көмекке келіп, баланың аяғын ақырын шығарып алды.
ТЖМ ата-аналарға сергек болуды және балаларды жалғыз қалдырмауды ескертеді және төтенше жағдайда балаларды 112 нөміріне қоңырау шалуға үйрету керек екенін еске салады.