Құтқару миссияларын орындау үшін жаңа аквакостюмдер ШҚО ТЖД қарулануына түсті.
Жиынтықтарға бас киім, гидро футболка, ыңғайлы шорты, суда киетін аяқ киім, құтқару кеудешесі және құтқару құралы-қалтқы кіреді.
Аквакостюмдер құтқарушыларға су айдындарында қатты ыстық, жел жағдайында тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Материалдық-техникалық базаны жаңғырту оқиғаларға жедел ден қоюға, адамдарға көмекке келуге және құтқарушыларға жайлы жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік береді.