Алыстағы елді мекендерді қорғау үшін

Алыстағы елді мекендерді қорғау үшін

Зайсан ауданында өртке қарсы жабдықтар сатып алынды. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің тапсырмасы бойынша, жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен Зайсан ауданының құтқарушыларына орман-дала өрттерін сөндіруге арналған қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Атап айтқанда, аккумуляторлы су бүріккіштер, төменгі өрттерді сөндіруге арналған құралдар, мотопомпалар .

Бұл жабдықтар табиғи өрттерге жедел әрекет етуге және алыстағы елді мекендерді қорғауға мүмкіндік береді.