Катонқарағай ауданында, Мұзтау тауында, туристер тобымен жүрген 1997 жылы туылған қыз аяғын жарақаттап алды. Оған көмек көрсету үшін шұғыл жедел жәрдем қажет болды.
ҚР ТЖМ Медициналық апаттар орталығының дәрігерлері зардап шеккен қызды қарап, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін оны құтқарушылардың сүйемелдеуімен облыс орталығындағы медициналық мекемеге жеткізді.
ШҚО ТЖД тур ұйымдастырушыларына маршруттар туралы «112» нөміріне алдын ала хабарлауды ұсынады.
Туристің өзімен бірге болуы тиіс міндетті «шағын құрал-жабдықтар жиыны»: алғашқы көмек қобдишасы, пышақ, сіріңке, компас, су және азық-түлік қоры, мобильді телефон және қуаттағыш құрылғы.