Шығыс Қазақстан облысының құтқарушыларына Алтайка ауылы маңындағы Бұқтырма су қоймасында қайықта 4 адам төңкеріліп, адамдар борт сыртында тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиғадан алыс емес жерде бірінші болып адамдарды байқап, төртеуін де өз қайығының бортына көтерген балықшы шықты.
Оқиға орнына ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келіп, азаматтарды катерге ауыстырып, қауіпсіз түрде жағаға жеткізді. Медициналық көмекке ешкім де мұқтаж болған жоқ.
ТЖМ еске салады: дауылды немесе желді ауа райында суға шығу кезінде өте сақ болыңыз. Құтқару кеудешелерін пайдаланыңыз және ауа райына үнемі бағалаңыз.