
Кеше құтқару қызметіне 23 шілде күні Шығыс Қазақстан облысы, Средигорное ауылының тұрғыны атқа мініп жидек теруге шығып, қайта оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті. Туыстары өз бетінше іздегенімен, нәтиже болмады. Жоғалған адамда ұялы телефоны болмады.
Бүгін ТЖМ құтқарушылары мен ПД қызметкерлері бірлескен іздестіру жұмыстары барысында 1939 ж.т. ер адамды Парамоновка ауылынан 10 шақырым жерде таулы-орманды аумақта тапты.
Медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ ескертеді: орманға шығарда бағытыңыз туралы туыстарыңызға хабарлап, байланыс құралдарын, навигация құрылғыларын және су қорын алып шығуды ұмытпаңыз.