Өскеменде "Құтқарушылар күнінің 30 жылдығы" аясында көппәтерлі тұрғын үйдің қасбетінде құтқарушыларға арналған арт-объект құрылды.
Мурал қала орталығында, облыс орталығының адамдар көп болатын аудандарының бірінде орналасқан. Құтқарушылардың жұмысы әрқашан тәуекелмен байланысты болғандықтан, муралда өртті сөндіру және төтенше жағдайларда адамдарды құтқару сәттері бейнеленген.
Мурал ШҚО ТЖД бастамасымен қала әкімдігінің қолдауымен жасалынды. Суретшілер бейнені жасау бірнеше күн жұмыс істеді.
Бұл мурал бүгінгі батырларға деген құрмет пен асыл мамандықты насихаттаудың көрінісі болады.