
Департаменттің жүргізушілер құрамымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері бойынша жол полициясы өкілдерімен бірлесіп семинар ұйымдастырылып, өткізілді.
Кеңесте ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы Жол-техникалық инспекция бөлімінің аға инспекторы полиция майоры Темірқанов Тимур жеке құрамды әкімшілік заңнамадағы өзгерістермен таныстырды, атап айтқанда, бұзушылықтың жекелеген түрлері үшін айыппұл мөлшерінің ұлғаюы туралы айтып, облыстағы жол-көлік оқиғаларының статистикалық деректерін келтірді. Сондай-ақ, арнайы көліктің өтуіне байланысты жағдайларға егжей-тегжейлі тоқталды.
Мұндай іс-шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алудағы тиімді шаралар болып табылады.