Өскемендегі өрт сөндірушілер ірі өртті оқшаулады
Өскемендегі Лихарев көшесіндегі бір қабатты ғимаратта өрт шықты.
Оқиға орнына дереу ТЖД бөлімшелері келіп, жоғары дәрежедегі шақыру ранг бойынша отпен күресуге кірісті. Өрт орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды. Үздіксіз су беру қамтамасыз етілді. Өрт сөндіруді ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов басқаруда.
Өртті сөндіру қатты түтінмен, жоғары температурамен және үлкен өрт жүктемесімен күрделенуде.
Өрт толығымен 2450 ш.м. алаңда сөндірілді
Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себептері анықталады.