Құтқарушылармен танымдық демалыс

Құтқарушылармен танымдық демалыс

Қалыптасқан дәстүр бойынша құтқарушылар балалардың жазғы сауықтыру лагерлерінде  «Қауіпсіздік күндерін» өткізеді, олар өскелең ұрпақты төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелеріне үйретуге бағытталған.

Глубокое ауданының «Алау» лагерінде қазір 350-ге жуық бала демалып жатыр, олармен бірге құтқарушылар эстафеталар, конкурстар мен шеберлік сағаттарын ұйымдастырды.

ТЖД қызметкерлері су айдындарындағы жүріс-тұрыс ережелеріне, өрт және басқа да ТЖ кезіндегі іс-қимылдарға, ашық терезелердегі ойындардың қауіптілігіне баса назар аударды.

Ұлдар мен қыздар өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдерімен танысты, құтқарушылармен бірге қызмет атқаратын "Хит" есімді лабродорымен танысудан жарқын әсер алды, ҚР ТЖМ АМО мамандарынан алғашқы көмек көрсету алгоритмін және шартты өртті сөндіруді үйренді.

ТЖД атап өткендей, балалармен жүргізілетін осындай форматтағы сабақтар тиімді өтеді, ең бастысы мұндай іс-шаралар балалар демалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.