ШҚО құтқарушысы грэплингтен Әлем чемпионатында үшінші орын алды
Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында AIGA чемпионаты өтті. Қатысушылар 1000-нан астам болды, Польша, Бразилия, АҚШ және Жапониядан спортшылар қатысты.
Өскемен қаласы ТЖБ Мамандандырылған жасағының аға нұсқаушы-құтқарушысы, Аслан Советов 65 кг салмақ дәрежесінде 3-орынды иеленді.