Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінде "Понтон көпірі" ауданында ТЖД қызметкерлері іздестіру жұмыстарынан қайтып келе жатқанда суға батып бара жатқан әйелді құтқарды.
Құтқарушылар оны қайықпен жағаға жеткізіп, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.
ТЖМ азаматтардан судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды, қалқымалыдан ары жүзбеу мен суға шомылу үшін тек рұқсат етілген жағажайларды таңдауды сұрайды.