ҚР ТЖМ нұсқауы аясында ШҚО еріктілердің мобильді тобы құрылды.
Еріктілер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою саласында, альпинизм негіздері, алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету бойынша оқудан өтті, сондай-ақ түрлі ТЖ кезінде құтқару дағдыларын алды. Оқуды аяқтағаннан кейін ҚР мобильді тобы еріктісінің сертификаттары берілді.
Волонтерлікті дамыту және қолдау мақсатында ШҚО ТЖД құтқарушылары мен ШҚО Ішкі саясат басқармасының Жастар ресурстық орталығы ынтымақтастық туралы бірлескен меморандумға қол қойды. Бұл құжат азаматтық қорғау саласындағы волонтерлік қозғалысты дамытуға мүмкіндік беретін сенімді, сындарлы тетік жасауға мүмкіндік береді.
Мобильді топтардың қатысушылары ШҚО ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы еріктілер қозғалысын дамытуға қосқан белсенді өмірлік ұстанымы мен жеке үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Болашақта еріктілер құтқарушыларға халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыруда белсенді түрде «көмек көрсетеді», сондай-ақ төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатысады.
«Біз облысымызда азаматтық қорғау саласында белсенділік танытатын жас ұрпақпен өзара іс-қимылдың болғанына қуаныштымыз. Бұл балалар патриоттық сезімге ие және халыққа көмекке келуге дайын», - деп ШҚО ТЖД бастығының бірінші орынбасары Фархат Әміре атап өтті.