Тұрғындар қатты ыстықтан қорғану үшін су айдындарына көптеп барады.Олардың көбі суға түсу үшін “жабдықталмаған жағажайларды” таңдайды және қайғылы оқиғаларға тап болады.Суға түсу маусымы басталғалы облыста 4адам суға батып кетті.Су айдындарында азаматтарды қауіпсіздік мәдениеттілігіне үйрету үшін Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары көп демалушылар баратын Ұлан ауданын,Шалқар көлінде “Қауіпсіз жағажай”акциясын өткізді.
Құтқарушылар демалушыларды қауіпсіздікке үйретуді ерекше түрмен өткізуді шешті.ТЖ қызметкерлері сұрақтар қойды және дұрыс жауап бергендерге “қажетті сыйлық” құтқарғыш ысқырық сыйлады,ол адам суға батып бара жатса,дабыл дыбысын беруге көмек береді.
Сонымен қатар, дауыс зорайтқыш көмегімен жағажайда демалушы азаматтарға қауіпсіздік ережелерін жеткізу, ережелерді бұзушыларға ескерту жасау және қалқымалармен жүзудің және балаларды суда жалғыз қараусыз қалдырудың қауіптілігін түсіндіру арқылы құтқарушылардың рөлінде болып көру ұсынылды.
Демалушылардың назарын аудара алды.Балалар мен үлкендер алдын-алу бойынша акцияға белсенді қатысты.
ШҚО қызметкерлері бұндай іс-шаралар су айдындарында демалысты қауіпсіз өткізу бойынша ережелерді қол жетімді етіп түсіндіруге және суға түсу үшін тек қана жабдықталған жағажайларды таңдау керек екендігіне көмегін береді деп есептейді.