Мемлекеттік қызмет күніне орай өз саласына үздік үлес қосқан және мемлекеттік қызметте адал еңбек етіп жүрген қызметкерлер құрметке ие болды.
Қазіргі таңда ТЖД-нің Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу, қаржылық және құжаттамалық қамтамасыз ету, кадр қызметі, заң және талдау бөлімдері, имидждік жұмыс тобы секілді басқармаларында 36 маман еңбек етеді.
Мемлекеттік қызметшілерге алғыс хаттар табысталып, олардың кәсіби біліктілігі мен еңбегі атап өтілді.
Мемлекеттік қызметшілер бүгінгі таңда офицерлермен бірдей деңгейде төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында қызмет атқаруда. Бұл мамандық жан-жақты білімді, үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап етеді. Сіздерге халыққа қызмет етудегі абыройлы еңбектеріңізге табыс тілеймін, – деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Ринат Имашев.