Мемлекеттік қызметші болу – ерекше миссия

Мемлекеттік қызметші болу – ерекше миссия

Мемлекеттiк қызметшiлердiң ерекше миссиясы бар, ол өз елiнiң нығаюы мен қауiпсiздiгi үшiн қолдан келгеннің бәрiн жасау. Бұл жұмыста жоғары жауапкершілікті сезіну, адалдық және адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай білу сияқты қасиеттердің маңызы зор, бұл жұмысқа оң нәтиже береді.

Светлана Шмидко 2013 жылдан бері төтенше жағдайлар қызметінде бас маман қызметін атқарып келеді, бұған дейін әкімдікте жұмыс істеген. Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 28 жыл.

"Мемлекеттік қызметке көп жыл арнағанымды мақтан тұтамын. Мен үшін бұл халыққа, Отанға қызмет ету", - деді Светлана. «Жалпы, мемлекеттік қызмет менің білімімді жетілдіруге, тәжірибе жинақтауыма көмектесті.

Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасында Светлана алдымен алдын алу бөлімде жұмыс істеп, тұрғындармен қауіпсіздік негіздері бойынша сабақтар жүргізді, профилактикалық рейдтерге қатысты. Ол құтқарушылардың қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаумен, азаматтарды әртүрлі төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерімен хабардар етумен айналысты. Төтенше жағдайлар комиссияларының жұмысын ұйымдастыруға, төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы құжаттамаларға және ақпараттандыруға қатысты.

"Біздің жұмысымызда ұсақ-түйек жоқ. Менің жұмысым жоғары құзыретті, зейінді және жинақы болуды талап етеді. Мен осы талаптардың барлығын орындауға тырысамын", - деп бөлісті Светлана Шмидко. "Отбасым қиын қызметте әрқашан қолдау көрсетеді. Менің екі қызым бар, өмірімнің мәні болып табылатын бес немеренің әжесімін".