Құтқарушылар ер адам мен балаға көмекке келді

Құтқарушылар ер адам мен балаға көмекке келді

Өскемен қаласындағы Ертіс өзеніндегі "Самал" саябағының ауданында патрульдеу кезінде құтқарушылар ер адам мен баланы ағынмен жағалаудан әкетіп бара жатқанын байқады.
ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Бауыржан Капитанов құтқару шеңберін тастап,1983 жылы туған әкесі мен 2012 жылы туған ұлын жағаға шығарды.
ТЖМ азаматтардан абай болып, су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын сақтауыңызды, қалқымалардан ары қарай өтпеуіңізді, балаларды ересектердің қарауынсыз суға қалдырмауыңызды сұрайды.
Егер құтқарушылардың көмегі қажет болса, 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.