
Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында 144 мореналық көл бар, олардың 9-ы қауіпті жарылу ықтималдығы жоғары көлдерге жатады.
«Мореналық көл – бұл мұздықтардың қозғалысы нәтижесінде пайда болған су айдыны. Ол жауын-шашын мен мұздықтар мен қардың еруі нәтижесінде жиналған сумен толтырылған ойпат болып табылады. Сел қаупінің күшеюіне ауа температурасының күрт жоғарылауы, ұзаққа созылған мол жауын-шашын немесе жер сілкінісі себеп болуы мүмкін. Облыс аумағында көшкін қаупі жоғары учаскелер сирек кездеседі — барлығы 9 учаске анықталған. Олар өзеннің жағалауын шайып кетуінен немесе жол, суару арналары мен құбырлар салынған кезде таулы беткейлердің ойылуынан пайда болған. Бұл учаскелер Громотуха, Уба, Черновая, Хамир, Бұқтырма және Кендірлік өзен бассейндерінде орналасқан. Аталған учаскелер Алтай, Катон-Қарағай, Зайсан аудандары мен Риддер қаласы аумағында тіркелген», – деп атап өтті ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ «ШҚАПБ» филиалының басшы міндетін атқарушы Телгат Нұрахмет.
Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан аумағында 9 маусымдық гидробекет және Катон-Қарағай ауданындағы Сарымсақты өзенінде жыл бойы жұмыс істейтін гидробекеті қызмет атқаруда. Барлық гидробекеттер тәулігіне үш рет гидрометеорологиялық жағдай бойынша ақпарат жіберіліп отырады. Халықты қауіпсіздік ережелерімен таныстыру мақсатында сел қаупі туындаған жағдайда әрекет ету тәртібі бойынша түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
Барлық өндірістік-пайдалану бөлімдері мен топтарда жедел әрекет ететін апаттық бригадалар құрылды. ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-«ШҚАПБ» филиалының мамандары сел қаупі жоғары аймақтарда орналасқан елді мекендер, кәсіпорындар, тұрғын үйлер, инженерлік құрылыстар мен коммуникацияларды бақылауға алды.
Жаз мезгілінде Катон-Қарағай ауданындағы мореналық көлдерде батиметриялық зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Қазіргі уақытта облыс аумағындағы сел және көшкін жағдайы тұрақты.
ШҚО ТЖД және ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ «ШҚАПБ» филиалы сел қаупінен тек оны болдырмау арқылы құтылуға болатынын ескертеді. Осыған байланысты сел мен көшкін қаупі жоғары аймақтарға таулы жерлерге серуендеуден бас тарту ұсынылады.
Туристерге өз өңірлеріндегі сырғыма жүру шекараларының орналасуымен алдын ала танысу қажет.
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу керек.