SUP-бордта сырғанау қайғылы жағдайға әкеле жаздады

SUP-бордта сырғанау қайғылы жағдайға әкеле жаздады

ШҚО құтқарушыларына Жаңа Бұқтырма кентінің ауданындағы Бұқтырма су қоймасында екі SUP-бордқа мінген адамдарды жағадан ағыспен алып кететіні туралы хабарлама келіп түсті.

Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жағаға 4 адамды жеткізді, оның ішінде екі бала.

ТЖМ еске салады:
дауылды ауа-райында, сондай-ақ түнде жүзуге шықпаңыз;
SUP-бордта, қайықтарда, катамарандарда құтқару кеудешелерінсіз болуға тыйым салынады;
судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК әкімшілік жаза қарастырылған