ШҚО-да орман алқабында екі күн өткізген 1957 ж.т. әйелдің жоғалуына байланысты ауқымды іздеу жұмыстары жүргізілді.
Ол 7 маусымда таңертең Глубокое ауданының Черемшанка және Зимовье ауылдары арасында орманға шөптер жинау үшін шығып жолынан адасқан. Туыстары дабыл қағып, құтқарушыларға бар жайтты хабарлады.
ТЖ қызметі, орманшылар мен полиция қызметкерлерінің топтары дереу іздеуге шықты. Құтқарушылар жоғары өтімді техниканы, тепловизорларды, дрондарды, кинологиялық есептоптарды және ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағын іске қосты.
Іздеу жұмыстары орманға жету қиын жерлерде жүргізілді. Іздеу тобы орманды алқабының әр түкпірін зерттеп, тікұшақтан адасып қалған адамды тапты. Кейуана қанағаттанарлық жағдайда болып, тексеру үшін жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне табысталды.
ТЖМ орманға жорық мұқият жоспарланып, 112 қызметінде белгіленуі керек екенін еске салады.