Алтай ауданында, Бұқтырма су қоймасында сапбордпен серуендеп жүрген екі кәмелетке толмаған жасөспірімді су жағадан алысқа алып кеткен.
Жағдайды қиындатқан тағы бір мәселе — олардың құтқару жилеттерін кимегені.
Құтқарушылар дереу көмекке келіп, жасөспірімдерді аман-есен жағаға шығарып, ата-аналарына тапсырды.
Оқиғадан кейін құтқарушылар демалушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертті. Әсіресе, кез келген жүзу құралына мінген кезде құтқару жилетін киюдің маңыздылығына ерекше тоқталды.