ШҚО Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысында бизнес субъектісінің бұзушылықтарды жою мерзімін ұзарту туралы өтініші қаралды.
Отырыста хабарлағандай, ШҚО бойынша ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті тексеру нәтижелері бойынша Серіктестікке бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жіберілді, онда 90 тармақ көрсетілген.
«2024 жылдың 15 шілдесінен бастап 89 талап орындалды. Ал көрсетілген мерзімде бұзушылықты соңғы рет жою үшін ұйымның қаржылық жағдайы, жұмыстың еңбек сыйымдылығы сияқты бірқатар объективті жағдайларға байланысты мүмкін емес», - деп хабарлады ШҚО кәсіпкерлер палатасынан.
Кәсіпкер соңғы екі жыл ішінде шығынға ұшырағанын, ал алаңдарды жөндеу мен қайта жаңарту айтарлықтай күрделі қаржы салуды талап ететінін атап өтті. Сондықтан компания ұйғарымды орындау мерзімін 2028 жылға дейін ауыстыруды сұрайды.
Сонымен қатар, ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Ринат Имашев Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, Департаментке ұйғарымды орындау мерзімін ұзарту туралы өтініш білдіргенін, ол қанағаттандырылғанын түсіндірді. Заңнамаға сәйкес мерзімді қайта ұзарту мүмкін емес.
Ол сондай-ақ ШҚО ТЖД алаңында зауыт өкілдерімен кездесу өткенін, онда алдағы іс-қимылдар алгоритмі әзірленгенін айтты.
«Ұйғарымның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін - осы жылдың шілдесінде ведомство жоспардан тыс тексеріс ашады және ұйғарым шарттарының тармағын орындамаудың барлық мән-жайлары мен себептерін қарайды, динамикасын, орындалу барысын, әлеуметтік аспектісін қарайды, объективті баға береді және ұзарту туралы шешім қабылдайды», - деп атап өтті Ринат Имашев. Сондай-ақ, ол нұсқаманың ұсынымдарын орындамау апаттарға, оқыс оқиғаларға және жазатайым оқиғаларға әкеп соғатынын атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы кәсіпкерге егжей-тегжейлі түсініктеме беріп, барлық объективті себептерді, қаржылық мүмкіндіктерді келтіріп, 2028 жылға дейінгі іс-қимылдың барлық алгоритмдерін жазуды ұсынды.
Сондай-ақ, ШҚО Кәсіпкерлер палатасы заңгерлік сүйемелдеу бойынша көмек көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.