ШҚО құтқарушылары Мемлекеттік рәміздер күнін салтанатты түрде атап өтті

ШҚО құтқарушылары Мемлекеттік рәміздер күнін салтанатты түрде атап өтті

Барлық бөлімшелерде қызметкерлер Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді білдіре отырып, Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаған іс-шаралар өтті!

Құтқарушылар Өскемен қаласындағы Мемлекеттік рәміздер тауына көтеріліп, 250 метрден астам биіктікті бағындырып, Қазақстан Республикасының Туын 480-нен астам баспалдақпен алып жүріп өтті.

Мемлекеттік рәміздер күніне орай әртүрлі флешмобтар мен жеке құрамның кітапханаларға баруы ұйымдастырылды.

«Барлық құтқарушылар атынан Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің негізі, халқымыздың белгісі. Біз бейбіт көгілдір аспанда желбіреген Туымызбен, бірлігіміздің белгісі – шаңырақты бейнелейтін Елтаңбамызбен және жүрегімізде жаңғыратын Әнұранымызбен мақтанамыз», – деп құттықтады ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Фархат Әміре.