Құтқарушылары 8 пәтерді өрттен аман алып қалды

Құтқарушылары 8 пәтерді өрттен аман алып қалды

Бүгін кешке ШҚО Шемонаиха ауданы Первомайский кентінде екі қабатты тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде баспалдақ маршының ағаш конструкциялары, терезе блоктары, пәтерлердің кіреберіс есіктерінің қоршаулары мен қаптамалары өртенді. Тұрғын үй-жайларға өрттің таралу қаупі төнді.

Келген өрт есептоптары жағдайды жедел бағалай отырып, жалынның тез салқындауын қамтамасыз ете отырып, жабық кеңістіктерде суды барынша тиімді шашатын біріктірілген өрт оқпандарын дереу іске қосты.

Сол сәтте екінші қабаттағы балконнан өрт сөндірушілер үш иінді баспалдақтың көмегімен 9 тұрғынды эвакуациялады. Өрт пәтерлердің ішіне таратылмай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

ТЖД қырағы болып, отпен абайсыздықты болдырмауды талап етеді!