
Жарыс «Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!» акциясы және Халықаралық балаларды қорғау күні аясында ұйымдастырылды.
Командалар құрамы: әке – құтқарушы, ана және бала.
Жарыс атмосферасы құтқарушы отбасыларына тән жауынгерлік рух пен қуатқа толы болды. Барлық кезеңдерде командадан ептілік пен ұйымшылдық талап етілді. Қатысушылар кедергілерден өтіп, өрт сөндірушінің арнайы киімін жедел киіп, тапсырмаларды дұрыс орындаулары тиіс болды.
Құтқарушылардың пікірінше, отбасыны ортақ қызығушылықтан артық ештеңе біріктіре алмайды.
ТЖ қызметкерлері отбасылары бұл күні достық пен жағымды эмоцияларға толы әсер алып, оны ұзақ уақыт бойы есінде сақтайтыны анық.
ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов жеңімпаздарды құттықтап, оларға мадақтамалар мен сыйлықтар табыс етті.