Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Ұлытау облысы әкімі төрағалық еткен жиында су тасқыны кезеңінің болжамы, жылыту маусымындағы проблемалар, өрт қауіпті кезең мен суға шомылу маусымына дайындық барысы қаралды.

Комиссияда ТЖД бастығы Е. Байыров пен ТЖД бастығының орынбасары Ч. Самиев баяндама жасады. Сондай-ақ қала-аудан әкімдіктері мен тиісті басқармалардың есептері тыңдалды. Облыс әкімі су тасқынына ұшыраған жол учаскелерін 1 маусымға дейін шешу жолдарын ұсынуды, Жезқазғанда су ағар жүйелерін орнату жұмыстарын пысықтауды, Қылыш су қоймасына қатысты мәселелерді жүйелі шешуді тапсырды.

Өрт қауіпті кезеңге дайындық бойынша арнайы жоспар әзірлеу, техника мен жанар-жағармай қорын толықтыру, дала және орман өрттерінің алдын алуға ерекше назар аудару тапсырылды. Сонымен қатар Жезқазған жағажайының мезгілінде ашылуы қажеттігі қатаң ескертілді.