Медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлерімен азаматтық қорғау саласында сабақтар өтті
Ұлытау облысы ТЖД қызметкерлері медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлерімен азаматтық қорғау саласында сабақтар өткізді. Қатысушыларға жарақат, күйік, улану, суға кету жағдайларында алғашқы көмек көрсету, тыныс алу органдарын қорғау құралдары мен өрт сөндіру жабдықтарын пайдалану тәсілдері көрсетілді.
Азаматтық қорғаныс іс-шаралары мен төтенше жағдайлар кезінде өзара іс-қимыл тәртібі түсіндірілді. Оқытуға барлығы 42 адам қатысты. Сабақ соңында тестілеу өткізіліп, қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.