10 сәуір Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Байыров Есен Әлмұханбетұлының қатысуымен департаменттің жеке құрамы жазғы киім үлгісіне ауысу рәсіміне арналған саптық байқаудан өтті.
Жезқазған қаласындағы “Мәңгілік алау” алаңында өткен саптық байқау барысында қызметкерлердің сыртқы келбеті, үлгілі киімі, қызметтік куәліктері мен айырым белгілерінің талаптарға сәйкестігі тексерілді. Сонымен қатар, ұқыптылық, жинақылық, шаш үлгісі мен киім тазалығы да басты назарға алынды.
Жазғы киімге ауысу рәсіміне арналған жиын ТЖД қызметкерлерінің саптық шеруімен аяқталды