Ұлытау облысы ТЖД қызметкерлері ҚАЗТЕСТ тапсырады

Ұлытау облысы ТЖД қызметкерлері ҚАЗТЕСТ тапсырады

2025 жылдың 2 сәуірінде ТЖД мәжіліс залында «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша кездесу өтті. Орталық директоры Ақгүл Ошағанова тест мақсаты мен құрылымы, бағалау кезеңдері туралы мәлімет берді.

Ертең, 3 сәуірде ТЖД қызметкерлері ҚАЗТЕСТ диагностикалық тестін тапсырады. Кездесу барысында қатысушылар тест тәртібімен, бағалау талаптарымен танысып, сұрақтарына жауап алды. Іс-шара мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға мүмкіндік берді.