Ұлытау облысында көктемгі су тасқыны кезеңінің барысы бойынша брифинг өтті

Ұлытау облысында көктемгі су тасқыны кезеңінің барысы бойынша брифинг өтті

Брифинг облыстық  өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өтті. Брифингке Ұлытау облысы ТЖД бастығының орынбасары Самиев Чингис Шайдуллаұлы қатысты.

Іс-шара барысында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық барысы мен қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды. Бүгінгі таңда облыстағы су тасқыны ахуалы тұрақты, ерекше бақылауда 11 елді мекен бар. Су тасқыны қаупі жоғары өзендер мен су қоймаларында тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.

Сонымен қатар, облыс аумағынан 291 мың текше метрден астам қар шығарылып, 633 су өткізу нысаны тазартылғаны атап өтілді. Жезді су қоймасынан өзен арнасын тазалау мақсатында 11 млн текше метр су ағызылған.

Самиев Ч.Ш. сөзінде облыста тасқын кезеңіне қажетті күштер мен құралдар толық дайын екенін айтты. 200 адам, 85 техника, 10 қайық пен 34 мотопомпа дайындалған. Қажет болған жағдайда 44 эвакуациялық пункт іске қосылады.

Бұдан бөлек, халықты хабардар ету, эвакуациялау және қауіпсіздік шаралары бойынша жұмыстар жалғасуда.

Брифинг соңында Самиев Чингис Шайдуллаұлы тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және ресми хабарламаларға құлақ асуға шақырды.