2025 жылғы наурызда Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Байыров Есен Альмуханбетович пен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Маржикбаев Ермек Боранбаевич Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдарының су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық деңгейіне кешенді тексеру жүргізді.
Тексеру барысында барлығы 32 бірлік техника, 3 мотопомпа, 3 қайық және 55 адам жұмылдырылды. Жеке құрам мен техника ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қоюға әзір екендігі көрсетілді.
Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті су тасқыны кезеңінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.