«Қауіпсіз терезелер» акциясы ұйымдастырылды

«Қауіпсіз терезелер» акциясы ұйымдастырылды

Қаражал қаласында «Қауіпсіз терезе» акциясы ұйымдастырылды.

Акцияның мақсаты көппәтерлі тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлау фактілерінің алдын алу бойынша ата-аналармен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.

Аталған іс-шараға полиция бөлімі, жергілікті атқарушы органдар және волонтерлар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Профилактикалық жұмыстар кезінде барлығы 145 үй қамтылып, соның ішінде 10-нан астам көп балалы отбасылардың үйіне терезенің есіктеріне бұғаттаушы орнатылды.

Ересектерден келесі ұсыныстарды ескеруді сұраймыз:  

  • Үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз;  
  • Жиһазды терезелердің жанына қоймаңыз; 
  • Терезелер арнайы қорғаныс құрылғыларымен болуы керек;  
  • Бала оны өздігінен аша алмайтындай етіп терезе тұтқасын құлыптаңыз; 
  • Балалардың қауіпсіздігі тек сіздің қолыңызда!

Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі