«Алтын шаңырақ, күміс кереге» іс-шарасы

«Алтын шаңырақ, күміс кереге» іс-шарасы

 

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында 17 наурыз Шаңырақ күні болып белгіленген. Осы күні «Алтын шаңырақ, күміскереге» атты салтанатты іс-шара өтіп, үлгілі отбасылар қатысты. Шаңырақ көтергендеріне 25-50 жыл болған данагөй ақсақал, ақ жаулықты аналарға.Ұлытау облысының тұрғыны 50 жыл отасқан«Алтын шаңырақ» Аскарбеков Серік Сасыкович және 25 жыл отасқан«Күміс шаңырақ»Бимуратов Кайсар Амангалиевич иелеріне Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының атынан «Наурыз-базарлық» естелік сыйлықтарын табыстап сый-құрмет көр­сетілді.Кездесу барысында әр түрлі әңгімелер мен тілектер айтылды.

«Отбасы болған соң өмірдің ыс­­тығы мен суығын бірге көру керек. Иә, ыдыс-аяқ сыл­­дырламай тұрмайды. Он­дайда кешірімді болу керек. Түсі­ніс­тік таныту керек. Оның бәрі – ұсақ-түйек. Ең бастысы, ұрпақ амандығын тілейміз. Ұлтын, елін сүйетін ұрпақтың ғұмыр жастары ұзақ болса деймін. Саналы ұр­пақ, сапалы білім болса, ел ер­теңі жарқын – дейді.»Жастарға бақытты болудың сырын айтып, бірдекүлдірсе, бірдетереңойғабатырды. Ақбаталарын, жүрек жарды тілектерін айтты. Үлгілі отбасылар тәрбиелік мәні зор әңгімелер айтылды.

Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі