Ұлытау облысындағы орын алған құрғақ шөп өрті оқшауланды

Ұлытау облысындағы орын алған құрғақ шөп өрті оқшауланды


Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, Жаңаарқа ауданынан 34 шақырым жерде Шалғия ауылдық округінде құрғақ шөптің жануы орын алуда. Алдын ала болжам бойынша өрт аумағы 2000 гектарды құрайды. Өрт сағ.11:04 оқшауланды.
Өртті сөндіруге Ұлытау облысының ТЖД 12 қызметкері мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылған. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары тартылуда. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі