Іріктеуге қатысу үшін барлық қатысушыларға қойылатын жалпыбіліктілік талаптары C-SV-13 санаты үшін: білімі орта, арнайы орта, жасы отыз бес жастан аспаған, Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткендер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.
Іріктеу өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі (Жезқазған қаласы)» РММ кадр саясаты бөліміне қажетті құжаттарды тапсырған Қазақстан Республикасының азаматы конкурсқа қатысушы болып табылады.
Азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы:
Санаты |
Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты |
|
min |
max |
|
C-SV-13 |
91542,16 |
123662,22 |
Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкерлері - 5 бірлік (C-SV-13 дәрежесі): Ұлытау облысының Жезқазған қаласы;
Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкерлері – 10 бірлік (C-SV-13 дәрежесі): Ұлытау облысының Сәтбаев қаласы;
Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкерлері – 1 бірлік (C-SV-13 дәрежесі): Ұлытау облысының Қаражал қаласы;
Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкерлері – 2 бірлік (C-SV-13 дәрежесі): Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Жезді кенті;
Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкерлері – 1 бірлік (C-SV-13 дәрежесі): Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Ұлытау ауылы;
Функционалдық міндеттері: қарауылдық қызметке қатысу, өртті сөндіруге қатысу, адамдар мен заттарды құтқару бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын өткізу.
Конкурсқа қатысушыға талаптар: білімі ортадан төмен емес, арнайы-орта. Жасы отыз бес жастан аспаған, Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткендер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi 2023 жылдың 03 сәуірінен бастап 2023 жылдың 14 сәуіріне дейін. Құжаттарды қабылдау орны: 100600, Ұлытау облысы Жезқазған қаласы Абай көшесі 132, анықтама үшін телефон: 8(7102)76-17-85, электрондық адрес: okp_spasr_ulytau@emer.kz.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Кадр қызметіне қолма-қол тәртіпте құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімдерінде қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, құжаттар тігетін мұқабатыста орналастырылған мынадай құжаттарды тапсырады:
1) өкілетті органнан белгіленген нысанды өтiнiш;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
4) өкілетті органнан белгіленген нысан бойынша өз қолымен жазылған және басылған түрде толық толтырылған өмірбаяны;
5) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (қолда бар болса);
6) еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (болған кезде);
7) 3х4см өлшемдегі (6 дана) фотосуретті;
8) өзіне және жұбайынызға 2 дана салықты тапсыру туралы анықтамасы
9) Қағидаларға сәйкес
10) өкілетті органнан белгіленген нысанды кадр есебi бойынша толтырылған жеке iс парағын;
Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
C-SV-13 санаттары үшін, бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстың өту тәртібі:
Іріктеуден сәтті өткен жағдайда үміткерлер алғашқы және кәсіби дайындыққа қатысу үшін ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы АҚА Астана қаласының оқу орталығына кезеңнен өту үшін жіберіледі.