Колледж ғимаратына кірер алдында апаттық-құтқару жұмыстарына бірнеше рет барған құтқару техникасы сап түзеді.
Ұлытау облысы ТЖ департаментінің бастығы полковник Есен Әлмұханбетұлы Байыров шақырылған қонақтарды, журналистер мен студенттерді құтқару техникасымен және құралдарымен, олардың мақсаты мен техникалық сипаттамаларымен таныстырды.
Журналистер мен студенттер күн сайын өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, басқалардың өмірін сақтап қалатын құтқарушылардың қызметі, қандай қиын екенін көрді.
Салтанатты іс-шара колледждің акт залында жалғасты, іс-шара барысында полковник Есен Әлмұханбетұлы Байыров, облыстық білім басқарма басшысы Тулекова Сапура Сейдуалина және азаматтық қорғау ардагері Серік Сасықұлы Асқарбеков құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шара колледж студентінің патриоттық әнімен аяқталды.