
Акция азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталды.
Іс-шараға құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты. Олардың арасында Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Каналин Үмбет Мырзағалиұлы болды.
Акция барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтау, тұрғын үйлердің жертөлелерінде жанғыш материалдарды сақтау заңдылығы, сондай-ақ, жаңадан салынып жатқан және қайта жаңғыртылып жатқан нысандарды қабылдау кезіндегі талаптар түсіндірілді.
Тұрғындарға жан-жақты түсіндірмелер мен тәжірибелік ұсыныстар берілді.