Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өзіндік қауіпсіздік тобының үйлестіруімен және облыстық полиция департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен жол қозғалысы ережелерін сақтау және қызметтік тәртіпті нығайту мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Семинар барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамалық талаптарды, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті және олардың алдын алу шараларын түсіндірді.
ТЖД қызметкерлеріне қызметтік және жеке уақытта жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жүргізушілік мәдениетті арттыру және тәртіпті сақтау қажеттілігі ескертілді.