
Азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау аясында Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті қалалық азаматтық қорғау қызметтерінің мамандарын оқытуды ұйымдастырды.
Сабақ барысында тыңдаушыларға су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өрт пен төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары, азаматтық қорғаныс бойынша негізгі іс-шаралар, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің мақсаттары мен міндеттері түсіндірілді. Қосымша ретінде, күйік пен аяқ-қол сынған жағдайда алғашкы көмек көрсету тәсілдері, суға кеткен адамды жағаға сүйреп шығару тәртібі, сондай-ақ, өрт сөндіру құралдарын қолдану іс жүзінде көрсетілді. Оқыту қорытындысы бойынша тыңдаушылар алған білімдерін бекіту мақсатында тақырыптар бойынша сұрақтар талқыланып, қорытынды тестілеу өткізілді. Тест нәтижелері бойынша қатысушыларға азаматтық қорғау саласында оқудан өткені туралы сертификаттар табысталды.