30 жыл қауіпсіздік пен қызмет жолында

30 жыл қауіпсіздік пен қызмет жолында

С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрында Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өткізді.

Іс-шараға Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Үсенов Ұлантай Төлеутайұлы қатысып, азаматтық қорғау жүйесінің дамуына үлес қосқан қызметкерлер мен ардагерлерге Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыстады. Департамент бастығы, полковник Байыров Есен Әлмұханбетұлы министрдің атынан үздік қызметкерлерге «ТЖМ-ге 30 жыл» мерекелік медалін, «Құтқарушы» төсбелгісін, сондай-ақ марапаттар мен алғыс хаттарды табыстады.

 Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген барлық құтқарушыларға ризашылық пен алғыс білдірілді.