Ұлытау облысы ТЖД Өзіндік қауіпсіздік тобы 2025 жылғы ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша жеке құрамның тәртіп пен заңдылықты сақтау жағдайына шолу жасады.
Жеке құрамға қызметтік және тұрмыстық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтар мен төтенше жағдайларға жол бермеу, мемлекеттік және басқа тілдерге, салт-дәстүрге құрметпен қарау, әлеуметтік желілерде және қоғамда азаматтық қорғау органдарының беделін түсіретін әрекеттерге жол бермеу туралы ескертілді. Сондай-ақ, жол қозғалысы, еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелерін, құмар ойындарға қатыспау және қоғамға жат әрекеттерге жол бермеу қажеттілігі айтылды.