Сәтбаев қаласының әкімі М. Бөрібаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
• тұрмыстық газды пайдаланушылар арасындағы қауіпсіздік шараларының орындалуы;
• қала аумағындағы апатты үйлердің қазіргі жағдайы;
• 2025 жылғы суға шомылу маусымының қорытындысы;
• 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы.
💬 Жиын барысында анықталған кемшіліктер ашық талқыланып, оларды жою және тиісті жұмыстарды уақытылы ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.