ҚР ТЖМ: 30 жыл азаматтық қорғау – 30 ізгі іс

ҚР ТЖМ: 30 жыл азаматтық қорғау – 30 ізгі іс

Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай республика көлемінде «30 ізгі іс» акциясы өткізілуде. Осыған орай Ұлытау облысы Жезқазған қаласы ТЖ басқармасының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері «Мектепке жол» акциясы аясында жеке құрамдағы көпбалалы отбасыларға көмек көрсетті.

Балаларға жаңа оқу жылына қажетті оқу құралдары мен мектеп жабдықтары табысталды. Бұл – балалардың қуанышын арттырып қана қоймай, олардың сапалы білім алуына қолдау болмақ.  Сонымен қатар, «30 ізгі іс» акциясы аясында өңірде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған түрлі профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.