Ұлытау облысының жас тұрғындарына арналған Ашық есік күні

Ұлытау облысының жас тұрғындарына арналған Ашық есік күні

 Қазақстан Республикасы ТЖМ 30 жылдығын атап өту аясында «Қазавиақұтқару» АҚ мен Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп, балалар мен жастарға арналған Ашық есік күнін ұйымдастырды.  

Іс-шара барысында қонақтар авиациялық құтқарушылардың күнделікті қызметімен, әуе кемелерінің мүмкіндіктерімен және ұшқыштардың жауапты жұмысымен танысты. Пилоттар мен инженерлер тікұшақтың техникалық ерекшеліктерін көрсетіп, әуе құтқарушыларының төтенше жағдайлардағы маңызды рөлін түсіндірді. Бұл шара балаларға құтқарушылар мамандығының маңызын таныстырып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.