Терезеден құлау – балалардың жарақат алуына, тіпті қаза болуына әкелетін негізгі себептердің бірі.
Балалар табиғатынан қызығушақ, айналасындағы заттарды зерттеуге құмар келеді. Сондықтан олар ашық тұрған терезенің қаншалықты қауіпті екенін аңғара бермейді.
Мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін терезелерге арнайы бекіткіштер орнатып, олардың ашық қалмауын қадағалау қажет. Сіз балаңыз жаныңызда деп ойлаған сәтте, бір мезет назар басқа жаққа ауып кетсе, орны толмас қайғыға душар болуыңыз мүмкін.
Осыған байланысты Жезқазған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына және ауладағы балаларға қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Құрметті қала тұрғындары!
Балаларыңыздың амандығы – ең алдымен сіздің жауапкершілігіңіз. Бүлдіршіндерді назардан тыс қалдырмаңыздар!