Ұлытау облысы ТЖД-де қызметкерлерге алғашқы арнаулы атақтар табысталды

Ұлытау облысы ТЖД-де қызметкерлерге алғашқы арнаулы атақтар табысталды

Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бірқатар қызметкерлері азаматтық қорғау органдарындағы адал қызметі мен кәсіби шеберлігін көрсеткені үшін орта басшы құрамның бірінші арнаулы атақтарымен марапатталды.

“Азаматтық қорғау лейтенанты” арнаулы атағы Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының инженері Мөлдір Жеңісқызы Ақзамға берілді.

Сол атақ Өрт байланысының орталық пунктінің аға диспетчері Арслан Баширович Боровқа табысталды.

“Азаматтық қорғау кіші лейтенанты” арнаулы атағы Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының инженері Жайна Аянқызы Амангельдинаға берілді.

Қызметкерлерімізді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да мемлекет пен халық алдындағы жауапты міндетін абыроймен атқара берулеріне тілектеспіз.