Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 25 қызметкері алғашқы көмек көрсету дағдылары бойынша арнайы оқыту курсынан өтті. Бұл оқыту министрліктің 2025 жылға арналған операциялық жоспары аясында, кадрлардың кәсіби даярлығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Курс барысында қызметкерлерге жарақат алған адамдарға алғашқы көмекті дұрыс көрсету, қан кетуді тоқтату, жүрек-өкпе реанимациясын жасау, тыныс алу жолдарын ашу және зардап шеккендерді қауіпсіз орынға көшіру бойынша қажетті білім мен тәжірибе берілді. Сабақтар тәжірибеге негізделген форматта өтіп, нақты жағдайларға ұқсас жаттығулармен толықтырылды.
Оқу нәтижесінде курс талаптарын толық меңгерген қызметкерлерге арнайы сертификаттар табысталды. Бұл олардың төтенше жағдай кезінде алғашқы медициналық көмек көрсете алатын деңгейде екенін дәлелдейді.
Ұлытау облысы ТЖД алдағы уақытта да қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде