Құтқарушылар мүмкіндігі шектеулі жандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
Төтенше жағдайлар департаментінің және Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері Түркістан қаласында орналасқан «Түркістан аумақтық балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ мүмкіндігі шектеулі жандарға және мекеме қызметкерлеріне сабақтар өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстары барысында жеке құрамға өрт, жану белгілері анықталған кезде алғашқы өрт сөндіру құралдарын дұрыс қолдану және мүгедектігі бар адамдарға алғашқы көмек көрсету бойынша шұғыл іс-әрекеттер түсіндірілді.
Түркістан облысы ТЖД